Қазақстан мен Өзбекстан арасында ортақ виза іске қосылады

Қазақстан мен Өзбекстан келісі жылдың басында «Жібек визасы»ортақ виза қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.

1111325
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ортақ виза іске қосылады

Қазақстан мен Өзбекстан келісі жылдың басында Еуропа ортақ визасы «Шенген визасына» ұқсайтын «Жібек визасы» (Silk visa) ортақ виза қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.

«Kazinform»-ның  хабарына қарағанда Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Ұлықбек Қасымқожаев газеттерге жасаған мәлімдемесінде «Шенген визасына» ұқсайтын «Жібек визасын»   қаңтар айынан бастап іске қосуды жоспарлағандарын білдірді.

Оның айтуынша, виза Орталық Азия аймағына шетелдік туристерді бірлесіп тарту және бұл маршрутты әйгілеу үшін енгізіліп отыр. Алдын ала болжамға сәйкес, «Жібе виза» өз жұмысын алдағы жылдың ақпан айында бастайды.

ҚР Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева  маусым айында Орталық Азияның бірыңғай визасы  «Жібек визасын»  енгізуді ұсынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар