"Күлтегін" көрсетіле бастады

Толықметражды анимациялық мультфильм Астанада көрсетілімге енді.

1093347
"Күлтегін" көрсетіле бастады

«Күлтегін» атты толықметражды анимациялық мультфильм Қазақстанның бас қаласы Астанада көрсетілімге енді.

Жаңа фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің тапсырысы бойынша дайындалды.

Аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.

Жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан фильм бірінші күннен балалардың көңілінен шықты. Ол екі апта бойы толассыз көрсетіледі.

Гүзал Заитова

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар