Түркістанда жаңа мүмкіндіктер

«Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форумы болып өтті.

1062159
Түркістанда жаңа мүмкіндіктер

Қазақстанның Түркістан қаласында алғаш рет «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форумы ұйымдастырылды.

Түркістандағы Есім хан алаңындағы жиынға Түркия, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея, Ресей, Иран секілді 15 мемлекеттен 250-ден астам инвестор қатысты.

Форумның ашылу салтанатында баяндама жасаған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанды облыс орталығына айналдыру туралы шешімі Түркі әлеміндегі мәдени және рухани байланыстың қайта жандануына үлкен серпіліс берді» деді. Сондай-ақ түрік инвесторлардың Түркістанды түлету үшін тартып жатқан инвестицияларын да тілге тиек еткен облыс басшысы түркиялық кәсіпкерлер Түркістанда 5 жұлдызды қонақүй, сауда-саттық орталықтарын салуға 100 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат құйғандығын айтты.

Шетелдік инвесторларды әсіресе Түркістанның туризм, ауыл шаруашылық және транзит саласындағы үлкен мүмкіндіктері қызықтырады.

Түркістанда алғаш рет өткен ауқымды жиын барысында жалпы сомасы 1,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын 19 құжатқа қол қойылды.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана



Ұқсас жаңалықтар