Түрік әлемі фильмдері апталығы басталды

10 елдің 10 фильмі көрсетілетін апталық Стамбулда басталды.

1061466
Түрік әлемі фильмдері апталығы басталды

2-ші Халықаралық Түрік әлемі фильмдері апталығы басталды.

Апталықты Түрік әлемі киноматографтары одағы мен Еуразия Мәдениет және өнер қауымдастығы бірге ұйымдастырды.

Түрік әлеміндегі 10 елден он фильм көрсетілетін апталық Стамбулда басталды.

Беташар бағдарламасында сөз сөйлеген Еуразия Мәдениет және өнер қауымдастығының басшысы Мендерес Демир түрік әлемінің Шығыс Түркістаннан Еуропаға дейін созылған жағрафияны қамтитынын айтып: «Мәдениеті тереңге бойлайтын бір отбасымыз.  Барлығымыздың мақсаты – түрік мәдениетін,  түріктің жақсылығын киноматографтың көзімен насихаттау және әлем халықтарына түріктердің өнер,  киноматографияда, мәдениеттегі орнын көрсету» деді.

Демир шараға қолдау көрсеткен баршаға алғыс айтып: «Азаматтар мәдениет және өнер арқылы бауырластық сезімдерін нығайтып, үлкен жанұя деп саналатын түрік ұлтының тілде,  пікірде, істе бірлік деген ұранмен қозғалуына үлес қосады.  Бір апта бойы Халықаралық Түрік әлемі фильмдері апталығы аясында Стамбулда түрік әлемінен самал естіреміз» деді.

Беташарға қатысқан түрікменстандық режиссер,  сценарист және актер Ходжақұлы Нарлиев те түрік әлеміне байланысты бағдарламалардың табысты өтуіне тілектестік білдіріп: «Түрік ұлтының жақындасуы жолында кино ең үлкен құралдардың бірі.  Бірбірімізді танысақ, осы арқылы арамыздағы бауырластық байланыстарын нығайтамыз» деді.

Беташар бағдарламада режиссер Исмаил Гүнештің «Керуен 1915» атты фильмі көрсетілді.

Түрік әлемінде бірлікті қамдау мақсатымен жүзеге асырылған фильм апталығының алғашқысы өткен жылы Татарстанның бас қаласы Қазанда ұйымдастырылған болатын.

Фильм апталығы 6 қазан күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар