БҰҰ-да Айтматов көрмесі ашылды

Көрменің беташарына Ибрахим Калын да қатысты.

1056065
БҰҰ-да Айтматов көрмесі ашылды

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын БҰҰ-да Шыңғыс Айтматов көрмесінің беташарына қатысты.

БҰҰ бас пәтеріндегі кітапханада Қырғызстан, Түркия және Ресей бірлесіп ұйымдастырған қырғыздың атақты қаламгері Шыңғыс Айтматовтың туындылары орын алған көрме ашылды.

Беташарға БҰҰ 73-ші Бас ассамблеясы шеңберінде Америка Құрама Штаттарына барған Калын да қатысты.

Шыңғыс Айтматовтың түрік мәдениеті,  әдебиеті және тарихында ерекше маңыздағы тұлға екеніне назар аударған Калын Айтматов туындыларында Орталық Азия дәстүрлерінің әлемге таныстырылғанын айтты.

Ибрахим Калын туындылары 170-тен астам тілге аударылған Айтматовтың тек шебер жазушы емес,  сонымен бірге табысты дипломат екенін, еліне осы салада 20 жыл қызмет еткенін баяндады.

Калын артынан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен бірге көрмені аралады.



Ұқсас жаңалықтар