Түрік кеңесі 6-шы Мемлекет басшылары саммиті аяқталды

Түрік Кеңесі Бас хатшылық міндетіне Қазақстанның Ирандағы Өкілетті және төтенше елшісі Бағдат Әміреев тағайындалды.

1042201
Түрік кеңесі 6-шы Мемлекет басшылары саммиті аяқталды

Қырғызстанның кезекті басшылығында болып өткен Түрік кеңесі 6-шы Мемлекет басшылары саммиті аяқталды.

Чолпон-Ата қаласындағы Рух Ордо Мәдениет Орталығында «Жастар ынтымақтастық және ұлттық спорт» тақырыбымен ұйымдастырылған саммиттің артынан қол қойылған қорытынды декларацияда Кеңестің Бас хатшылық міндетіне Қазақстанның Ирандағы Өкілетті және төтенше елшісі Бағдат Әміреевтің тағайындалғаны атап көрсетілді.

Әміреев журналистерге жасаған мәлімдемеде Түрік Кеңесінің алдағы уақытта маңызды жұмыстар мен қозғалу жоспарын қамтыған қорытынды декларацияға қол қойылғанын атап «Саммитте Венгрияға бақылаушы мәртебе берілді. Бауырлас венгр халқы тектерінің ұлы далада екеніне сенуде. Бұл рас. Венгрлердің ата-балаларын ұмытпағанына біз де қатты ризамыз» деді.

Әміреев саммитке қатысқан Өзбекстанның мүшелігінің де таяуда қабылдануын үміт еткендерін білдірді.

Саммитке президент Режеп Тайып Ердоған, Қырығызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, және Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевке қоса, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да құрметті қонақ ретінде қатысты.

Қырғызстандағы ресми сапарын аяқтаған президент Ердоғанды қырғыз лауазымдылар Бішкек Манас атындағы Халықаралық әуежайынан шығарып салды.



Ұқсас жаңалықтар