Тәжікстан президенті Ташкентке барды

Басшылар стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды.

1034578
Тәжікстан президенті Ташкентке барды

Тәжікстан Республикасының Презденті Эмомали Рахмон 17 жылдан кейін бірінші рет Ташкентке мемлекеттік сапармен барлы.  Ол Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Мирзиеев пен Рахмон Ташкенттегі Көксарайда бас қосты. Екі басшы артынан делегациялар кездесуіне басшылық жасады.

Басшылар Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды.

Президенттер айырықша стандарттау, метрология және сертификаттау, монополияға қарсы саясат, тұтынушы құқығын қорғау, геология саласында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, әскери, ғылыми-техникалық, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру, жастар саясаты, мәдениет және өнер салаларында 26 құжатқа қол қойды.

Артынан Мирзиеев мың жылдарға баратын ортақ тарих, мәдени құндылықтар және әдет-ғұрыптардың екі халықты байланыстырып тұрғанын айтып: «Бұрын жақсы-жаман күндер өтті.  Алайда 2018 жыл біз үшін тарихи жыл болды. Біз барлық нәрсеге қарамастан,  ұзын келіссөзден кейін 1,5 жылда ең маңызды проблемаларда келістік, бұны ешкім күтпеген еді. Бұлар тарих бетіне алтын әріппен жазылады» деді.

Өзбек президент соңғы кезде екі ел арасындағы 16 шекара қақпасының қайта ашылғанын,  бұның халықтарды қуанышқа бөлегенін айтты.

Қонақ президент Рахмон да екі елдің Тәжікстандағы Зарафшан өзенінде 300 МгВ әлеуеті бар екі су электр стансасының салынуы және Сарез көлінің суын қолдану тақырыптарында келісімге келгендерін білдірді.

Эмомали Рахмон айырықша өзбек басшыға алғыс айтып,  өзбектің атақты ақыны Әлішер Науаидің тәжік тіліне аударылған кітабын Мирзиеевке сыйлады.

Рахмон мен Мирзиеев артынан Өзбекстан-Тәжікстан Бизнес форумына қатысты,  Тәжікстан өнімдері көрмесіне барды.



Ұқсас жаңалықтар