Түркия - Өзбекстанның маңызды сауда серігі

Түркия Өзбекстанның сыртқы саудасындағы 6,5 пайыз үлесімен төртінші серігі болды.

1032350
Түркия - Өзбекстанның маңызды сауда серігі

Түркия 2018 жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстанның сыртқы саудасындағы 6,5 пайыз үлесімен төртінші серігі болды.

Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің хабарламасына қарағанда,  елдің сыртқы саудасы осы жылдың қаңтар-шілде айларында былтырғы осы маусыммен салыстырғанда 24,1 пайыз артып, 17,8 миллиаод долларға жетті.

Экспорт 15,7 пайыз артып,  импорт 31,4 пайыз көбейді.

Хабарламада осы кезеңде Өзбекстанның ең ірі сауда ортақтары арасында 3 миллиард 335,8 миллион долларлық сыртқы сауда және 18,8 пайыз ұлесімен Қытай бірінші орынға шықты.

Бұдан бұрын бірінші орында болған Ресей екінші кезекте.

Осы кезеңде Өзбекстанның ең әрі сауда серіктері арасында 1 миллиард 705,2 миллион долларлық сыртқы сауда және 9,6 пайыздық үлесімен Қазақстан үшінші, 1 миллиард 161,7 миллион доллардық сыртқы сауда және 6,5 пайыздық үлесімен Түркия төртінші орында.

Жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстан экспортында бірінші кезекте энергетика және мұнай өнімдері,  азық-түлік және химиялық өнімдер мен қызмет секторы келеді.



Ұқсас жаңалықтар