«4-ші халықаралық Түркі әлемі туризм симпозиумы» аяқталды

Кастамону Университетінің қонақжайлығымен ұйымдастырылған «4-ші халықаралық Түркі әлемі туризм симпозиумы» аяқталды.

1017036
«4-ші халықаралық Түркі әлемі туризм симпозиумы» аяқталды

Кастамону Университеті Туризм факультеті деканы профессор Саим Атеш жасаған мәлімдемеде симпозиумның өте табысты өткенін атап көрсетті.

Атеш симпозиумда Түркі әлемінің туризм саласындағы проблемаларын қолға алғандарын білдірді.

Атеш «Түркі әлемінің жан-жағындағы елдер мен автономды республикалардың осы симпозиумға қосылуы үшін ортақ жұмыстануға шешім қабылданды. Қазір бірнеше республика тарапынан жұмыстар жалғастырылуда. Мұның ауқымын кеңейтіп, басқа бауырлас елдерді де қосқымыз келеді. Туризм саласында университет аралық келісімдерге қол қойылды. Түркі тілдес елдер арасында ортақ бір оқулық дайындау тақырыбында келістік» деді.

Атеш баяндамашыларды жиналыстың артынан Кастамонуның тарихы және туристік жерлеріне апарып танытқандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар