Солтүстік Кипр Түрік Республикасы тәуелсіздігін тойлауда

Түркия делегациясы СКТР бейбітшілік пен тәуелсіздік күні мереке іс-шараларына қатысуда.

1016094
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы тәуелсіздігін тойлауда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) 20 шілде Бейбітшілік пен тәуелсіздік мерекесі тойлануда.

20 шілде күнгі Бейбітшілік қозғалысының 44-ші жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімдердің 2-ші күнінде бас қала Лефкошада Ататүрік ескерткішіне гүл шоғы қойылды.

Ұлттық әнұранның артынан СКТР елбасы Мұстафа Акынджы және вице-президент Фуат Октай ескерткіш арнайы дәптеріне қол қойды.

Рәсімде негізгі мекен-жайы Лефкошадағы доктор Фазыл Күчүк бульвары болды. Рәсім елбасы Акынджының халықты сәлемдемесімен басталды.

Рәсімге Түркияның атынан вице-президент Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төраға орынбасары Левент Гөкке қоса бір топ депутат өкілдік жасауда.

Сондай-ақ Барбарос фрегаты Чанаккале сүңгуір қайығы және Мызрак атты шабуыл қайығы Гирне тұрғындарының зияратына ашылды.

Түрік қарулы күштері әлеуметтік медиа арқылы тарихи бейне көріністер жариялады.

Мереке іс-шаралары аясында елбасы Мұстафа Акынджы келген қонақтар үшін кешкі қонақасы береді.



Ұқсас жаңалықтар