Қазақстан көліктеріне сұраныс артты

«Қазақстанда жасалды» маркалы көліктерге Ресей, Қытай, Тәжікстанда сұраныс  артты.

1014789
Қазақстан көліктеріне сұраныс артты

«Қазақстанда жасалды» маркалы көліктерге Ресей, Қытай, Тәжікстанда сұраныс  артты. Бұл Қазақстандағы отандық машина жасау зауыттарының жұмыс ауқымын кеңейтіп, экспорттық әлеуетінің артуына ықпал етті.  

Соңғы 6 айда Қазақстанның машина жасау өндірісінде екі пайызға даму байқалған. Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығы 2018-ші жылдың алғашқы алты айында көліктің барлық түрі бойынша жалпы саны 14 мың 660 көлік құралы құрастырылғанын мәлімдеді.

Елдің ең маңызды 6 машина құрастыру зауытында 13 мың 725-і жеңіл автокөлік, 486 камаз, 153 автобус және басқа да көлік құралының шығарылғаны хабарланды.  

Қазақстанның көлік құрастыру зауыттарының көшін Қостанайдағы «Сарыарқа Авто Пром» бастап тұр. Бұл жерде жарты жыл ішінде 5 мың 297 көлік жасалып, ел және шетел нарығына сатылған.

Автор: “TRT” Астана Өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар