Қазақстан және Өзбекстан жасақтары бірігіп жаттығу өткізді

Жаттығуға екі елдің Қорғаныс министрлері де қатысты.

1013473
Қазақстан және Өзбекстан жасақтары бірігіп жаттығу өткізді

Қазақстан мен Өзбекстан Қорғаныс министрліктеріне қарасты арнайы жасақтар бірігіп жаттығу өткізді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің хабарламасында,  Қазақстан Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Өзбекстан Қорғаныс министрі Абдусалом Азизовтың қатысуымен «Ерік дала» арнайы тактикалық оқу-жаттығулары аясында қазақ және өзбек әскерилерінің барлау және шайқас операцияларының жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.

ҚР Қорғаныс министрі Жасұзақов ортақ жаттығудың бірінші сатысының табыспен аяқталғанын,  екінші сатысының Өзбекстанда өтетінін білдірді.

«Өзбек делегациямен әскери оқу-жаттығу және кадр оқыту тақырыптарында ынтымақтастықтың арттырылуына келістік» деді ол.

Өзбекстандық министр Азизов та жүйелі кездесулердің екі ел армиясы арасындағы қарым-қатынастарға жаңа өріс беретінін айтып: «Жаттығу арнайы жасақтардың түнгі шарттарда заманауи технология және әскери ұшақтарды қолданудағы үйлесімділігін көрсетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар