Әзірбайжан және Армения министрлері кездесті

Елмар Меммедияров Армения Сыртқы істер министрімен Брюссельде кездесті.

1011046
Әзірбайжан және Армения министрлері кездесті

Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрі Елмар Меммедияров Армения Сыртқы істер министрімен НАТО саммиті шеңберінде Брюссельде кездесті.

Арменияда халық әрекетімен қалыптасқан билік өзгерісі және жаңа үкімет құрылғаннан кейін өткен осы алғашқы кездесуге Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканя́н, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобы тең төрағалары Игорь Иванов,  Стефан Висконти,  Андрью Шоффер және арнайы өкіл Анджей Каспиржик қатысты.

ЕҚЫҰ Минскт тобы тең төрағаларына алғыс айтқан Армения Сыртқы істер министрі келіссөз динамикаларын жалғастыру керектігін атап көрсетті.

Жиналыс танысу және көзқарас алмасу шеңберінде өткізілді.

Келіссөз үрдісінен басқа балама жоқтығын білдірген тараптар осы аяда бейбітшілікты ынталандыратын атмосфера қалыптастыру,  өзара сенімнің арттырылуы,  келіспеушіліктің азайтылуы үшін қадам басу,  бітімнің жалғасуы және арандату іс пен сөзден аулақ болу тақырыптарында сөз қозғады.

Минск тобының тең төрағалары Армения мен Әзірбайжан министрлеріне жоспар ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар