Радиолар арасында серіктестік бастау алды

Қазақ Радиолары мен Түркия Үні радиосы арасында ынтымақтастық арта түсті.

996445
Радиолар арасында серіктестік бастау алды
Kazakça_ortak_yayın_nevruz

Қазақ Радиоларының бас директоры Мәди Манатбек Түркия Үні радиосымен өзара мәдени, өнер және спорт жаңалықтарымен бөлісу жөнінде келіскендерін білдірді.

Манатбек Түркия мен Қазақстан арасында көптеген телевизиялық ынтымақтастықтарға көңіл бөлінгенін,  радио саласындағы серіктестіктердің олқы қалғанына назар аударып,  соңғы жылдары радиолар арасындағы қатынастарды да жетілдіру үшін жұмыстанғандарын айтты.

Биыл Түркия Телерадио корпорациясымен ынтымақтастық жасасу ұсынысын Түркия жағынан қолдау тапқанын білдірген Манатбек мамыр айында Түркиядағы Радио фестиваліне шақыру алғандарын және бірсыпыра кездесу жүргізгендерін атап көрсетті.

«Түркия Үні радиосымен өзара мәдениет,  өнер және спорт жаңалықтарымен бөлісуге келістік.  Қазірге дейін екінші бағдарламамыз жарияланды. Түркия Үні радилсы біз үшін «Анадолы тынысы» атты мәдени бағдарлама дайындайды.  Жаңалықтар өте сапалы,  қазақ тыңдармандарының көңілінен шықты» деді ол.

Қазақ радиолары қызметкерлерінің тәжірибе бөлісу мақсатты жыл сайын Түркияға жіберіп тұру тақырыбында да келісімге келінгенін тілге тиек еткен Манатбек оқу бағдарламасы үшін қажетті қаражатты Түркия қамдайтынын атап айтты.

«Техникалық қызметкерлер,  тілші және басқарушы қызметкерлерге оқу семинарлары өткізіледі.  Семинарлар барысында біздің қызметкерлеріміздің түрік әріптестерімен бөлісетіндері мол болатынына сенемін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар