Балалар жазушыларының халықаралық форумы

«Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа» атты балалар жазушыларының халықаралық форумы өтуде.

988036
Балалар жазушыларының халықаралық форумы

Қазақстанда  «Балалар әлемі: кітаптан өмірлік мұратқа» атты балалар жазушыларының халықаралық форумы өтуде.

Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы ұйымдастырды. Астанадағы форумға Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның балалар жазушылары, аударшылар және әдебиет сүйер қауым қатысуда.

Қазақ тілінде жазылған балалар әдебиетін жетілдіру және жас жазушыларға қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылған форумда балалардың қазіргі таңның талабына сай қандай кітап оқуы және оқитын ұрпақ өсірудің әдістері талқылануда.

Форум аясында қазақ жазушылары өз шығармаларын да таныстыру мүмкіндігіне ие болды.



Ұқсас жаңалықтар