Қазақстан Ұлттық Мұражайына қонақтар қызығуда

Қазақстан Ұлттық Мұражайы 170 мыңнан астам еңбегімен туристтердің назарын аударуда.

983930
Қазақстан Ұлттық Мұражайына қонақтар қызығуда

Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы керемет сәулеті және 170 мыңнан астам еңбегімен туристтердің назарын аударуда.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы – Орталық Азиядағы ең үлкен мұражай. Ол 2014 жылдың 2 шілдесінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының негізінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын.

Мұражай еліміздің басты алаңында – Тәуелсіздік алаңында «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік Сарайымен, Бейбітшілік және келісім Сарайымен, «Әзірет  Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен сәулет жарасымдылығын үйлесімді түрде құрып орналасқан.

Мұражай ғимараты ауыспалы этажы бар жеті блоктан тұрады, олардың ең биігі тоғыз этаждан тұрады. Мұражай кешенінің көлемі 74 мың шаршы метрге жетеді. Экспозициялық алаң жалпы көлемі 14 мың шаршы метр  болатын 11 залды қамтиды.

Мұражайда Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын зал, Көне және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заман өнерінің залы бар .

Сонымен қатар балалар мұражайына, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, реставрациялық шеберханаларға, зертханаларына, мамандандырылған қор қоймасына, оқу залы мен конференция залы бар ғылыми кітапханаға арналған орындар қарастырылған.

Мұражай өзінің ең жаңа жоғары жабдықтармен қамтамасыз етілгендігі арқасында жеткен жоғары дәрежесімен және мұражай ісінің алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттарына сай келетін мультимедиялық құралдарымен қонақтарды  таң қалдырады.


Этикеттер: #Қазақстан , #мұражай

Ұқсас жаңалықтар