Әзірбайжан Республикасы 100 жаста

1918 жылы 28 мамыр күні жарияланған Әзірбайжан Республикасы тәуелсіздігінің 100 жылдығы тойлануда.

979944
Әзірбайжан Республикасы 100 жаста

Мұсылман шығыстың тұңғыш тәуелсіз республикасы ретінде қабылданған Әзірбайжан Республикасының тәуелсіздігі 1918 жылы 28 мамыр күні Грузияның Тбилиси қаласында Мехмет Эмин Ресулзаде басшылығындағы Әзірбайжан Ұлттық Кеңесі тарапынан жарияланды.

Баку армян және большевик бандалардың басқыншылығында болғандықтан Фетхали Хан Хойски басшылығында құрылған Әзірбайжан үкіметі жұмыстарын қысқа уақыт Гендже қаласынан жүргізді.

Әзірбайжанның тәуелсіздігін тұңғыш рет Османлы Мемлекеті таныды.

Екі мемлекет арасында 1918 жылы 4 маусым күні қол қойылған келісім аясында артып отырған армян және большевик қаупіне қарсы Нури Паша (Киллигил) қолбасшылығындағы Кавказ Ислам Армиясы жәрдемге барды.

Гөйчай, Салян, Ағсу және Күрдемирді большевик жасақтары мен армян бандалардан тазалап, 1918 жылы 15 қыркүйек күні Бакуді азат етті. Кавказ Ислам Армиясы Бакуді құтқару үшін 1 мың 130 әскер шәйіт болды.

Әзірбайжанда қысқа уақытта экономика, оқу, дін және сөз еркіндігі салаларында реформалар жасалып, ел тарихында жаңа бір кезең ашылды.

Республиканың «Тәуелсіздік декларациясында» нәсіл, дін, мәзхәб, әйел мен еркек барлық азаматтарға тең құқық берілді.

Әзірбайжан Мұсылман шығысында әйелдерге сайлау құқығы берген тұңғыш ел болды.

Өз валютасы мен маркалар шығарып, Мемлекеттік Банкі мен Баку мемлекеттік университеті құрылды.

Сыртқы қауіптерге қарсы 26 маусым күні Әзірбайжан өз армиясын құрды. Бұл армияда Османлы офицерлері маңызды рөл ойнады.

Үкіметтің 1918 жылы 27 маусым күні қабылдаған шешімімен түрік тілі мемлекеттік тіл ретінде жарияланды. Алдында орыс тілде білім берген мектептерде түрік тілінде оқуды міндетті қылды.

1918 жылы 7 желтоқсан күні 120 орындығы бар парламент жұмысын бастады. 17 ай бойынша парламентте 230 заң жобасы қабылданды.

Әзірбайжан Республикасы 1920 жылы 28 сәуір күні Кеңес армиясының елді басып алуымен ыдырады.



Ұқсас жаңалықтар