Орталық Азия кәсіподақтар форумы болып өтті

Астанада «Орталық Азия елдері арасындағы әлеуметтік және іскерлік қатынастардың анализі мен болашағы» атты форум өткізілді.

976884
Орталық Азия кәсіподақтар форумы болып өтті

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен Астанада «Орталық Азия елдері арасындағы әлеуметтік және іскерлік қатынастардың анализі мен болашағы» атты форум өткізілді.

Форумға Түркиядан Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподақтары конфедерациясы өкілдері шақырылды.  Сондай-ақ Қырғызстан,  Тәжікстан мен Өзбекстаннан да кәсіподақ федерацияларының басшылары мен мамандары орын алды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров форумның беташарында сөз сөйлеп, шетелдік инвесторларға нарығын ашқан Қазақстанда Орталық Азия елдерінің 4 мыңнан астам компаниясының тіркеулі екенін білдірді. Ол жұмысшы құқықтарының қорғалуында аймақ елдеріндегі кәсіподақтардың тығыз ынтымақтастықта болуы керектігін атап көрсетті.

Форумда Орталық Азия елдері арасында жұмысшы құқықтарының қорғалуы,  жұмыс тиімділігінің арттырылуы,  жұмыс қауіпсіздігі және басқа да тақырыптарда серіктестік мәселелері қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар