Түрік компаниясы Қазақстанда Күн энергиясы стансасын салады

Чалык Холдинг Қазақстанда 50 мегаваттық Күн энергиясы стансасының құрылысын бастайды.

968708
Түрік компаниясы Қазақстанда Күн энергиясы стансасын салады

Қазақстан премьер-министрлігінің хабарламасында  ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов бастаған қазақ бизнесмендер делегациясының Түркияда түрік компанияларымен кездесу жүргізгені айтылды.

Қазақ делегациясы мен Чалык Холдинг өкілдері арасында өткен кездесуде компания өкілдері Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін атап көрсетті. Аталмыш компания алғашқы сатыда Қазақстанда Күн энергия стансасының құрылысын бастайды.

Делегация сонымен бірге Йылдырым Холдинг басшыларымен де бас қосты. Кездесуде Қазақстандағы кен және металлургия саласындағы жобалар талқыланды.

 Йылдырым Холдинг пен «Қазгеология» АҚ қатты пайдалы қазбаларды іздестіру мақсатында жер қойнауын геологиялық барлау жөнінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келісті.

Қазақстан делегациясы Eczacıbaşı Holding және  Bak-Ay текстиль компания басшыларымен де кездесу жүргізді.



Ұқсас жаңалықтар