"Басқыншылық жойылмайынша аймаққа бейбітшілік келмейді"

Қосылмау Қозғалысы (NAM) мүше елдерінің сыртқы істер министрлері Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде бас қосты.

945122
"Басқыншылық жойылмайынша аймаққа бейбітшілік келмейді"

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Әзірбайжан жеріндегі Армения басқыншылығы аяқталмайынша аймаққа бейбітшілік келмейтінін атап көрсетті.

Қосылмау Қозғалысы (Non-Alignment-NAM) елдері кезекті сыртқы істер министрлері конференциясы Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде болып өтті.

Президент Алиев Баку Конгресс орталығындағы конференцияның ашылу рәсімінде айтқан сөзінде NAM-ның гуманитарлық құндылықтарды ынталандырғанын, халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды роль ойнағанын атап көрсетті.

Армения-Әзірбайжан қақтығысы және Таулы Қарабах мәселесінде сөз қозғаған Алиев «Әзірбайжан топырағының 20 пайызы Армения басқыншылығында. 1 миллион әзірбайжандық жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Ходжалы қырғынында араларында 106 әйел, 63 бала және 70 қария барлығы 613 жазықсыз адам жауыздықпен қырылды. Бұл адамзаттық қылмыс болып табылады. Басқыншылық қазір де жалғасуда. Халықаралық мекемелердің шешімдеріне қарамастан Армения басқыншылығын жалғастырып келеді. Басқыншылық жойылмайынша аймаққа бейбітшілік келмейді» деді.

Армения тұрғындарының 99 пайызының армяндар екенін еске салған Алиев «Өйткені олар Армениядағы басқа ұлттарға этникалық қырғын жасады. Әзірбайжан болса халықаралық келіссөздің, көп мәдениеттіліктің орталықтарының бірі. Біз діндер мен мәдениеттер арасында бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтаймыз» деді.

Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысқан конференцияға NAM кезекті төрағасы Венесуэла Сыртқы істер министрі Джордже Арреаза, БҰҰ Бас Ассамблеясы төрағасы Мирослав Лажджак, Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф, Үндістан Сыртқы істер министрі Сушма Свараж, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) сыртқы істерге жауапты мемлекеттік министрі Ануар Гаргаш, Палестина Сыртқы істер министрі Рияд Мальки, Эквадор Сыртқы істер министрі Мария Фернанда Эспионеса және 800-ден астам лауазымды қатысты.

Әзірбайжанда 2019 жылы NAM-ның 18-ші саммиті өтпек. 2019-2022 жылдары арасында болса NAM-ның кезекті төрағалығын Әзірбайжан жасайды.



Ұқсас жаңалықтар