Әзірбайжан президенттік сайлауға дайындалуда

Сауалнамалар Алиевтің алда екенін көрсетуде.

943511
Әзірбайжан президенттік сайлауға дайындалуда

АҚШ және Франциядағы сараптама компанияларының сайлауға байланысты сауалнамаларында Илхам Алив жинайтын дауыс мөлшері 83 пайыз шамасында шықты.

ABD AJF & Associates Inc. Ұйымы мен Азаматтардың  еңбек құқықтарын қорғау одағы 11 сәуір күнгі сайлау қарсаңында сауалнама жүргізді.  Зерттеуге елдің түрлі өңірлерінен 1500 адам қатысты.

Қатысушылардың 74 пайызы «Әзірбайжанда парламент немесе президенттік сайлауға қанша қатысасыз?» деген сұраққа «әрқашан» деп жауап берді.

«Президенттік сайлау бүгін өткізілсе,  төмендегі кісілер кандидат болса,  кім үшін дауыс берер едіңі?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 82,9 пайызы «Президент Илхам Алиев» деп жауап берді.

Илхам Алиевтің істеріне байланысты сұраққа қатысушылардың 58,7 пайызы «Ел экономикасының дамуын қамдайды», 75 пайызы «азаматтардың жағдайын ойлайды», «Әзірбайжанды халықаралық салада жақсы көрсетеді», 60,7 пайызы «елдің қауіпсіздігін қамдайды» деп жауап берді.

11 сәуір күні болатын президенттік сайлауда Жаңа Әзірбайжан партиясының кандидаты Илхам Алиев, Әзірбайжан Халық бірлігі майданы партиясының кандидаты Гудрет Гасангулиев, Социл-демократ партия кандидаты Араз Ализаде, Әзірбайжан Ұлттық Ояну қозғалысы партиясының кандидаты Фередж Гулиев,  Әзірбайжан халық майданындағы оппозицияның кандидаты Рази Нуруллаев, Замандас Мусават партиясы кандидаты Хафиз Хаджиев, тәуелсіз кандидат Захид Оруч, Демократ партия кандидаты Сардар Мамедов жарысады.



Ұқсас жаңалықтар