Әділет министрі Әзірбайжанда

Түрік министрді Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

943434
Әділет министрі Әзірбайжанда

ТР Әділет министрі Абдулхамит Гүл ресми сапармен Әзірбайжанға барды.  Министрді Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

Президенттік аппараттың хабарына қарағанда,  Әзірбайжан мен Түркия арасындағы достық және бауырластық қатынастардың барлық салада жетілгені атап көрсетіліп, кездесуде Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастықтың екі жақты байланыстың одан әрі дамуына үлес қосқаны атап көрсетілді.

Министр Гүл кездесулері аясында марқұм президент Гайдар Алиевтің қабіріне де барды.

Бакудегі Шейіттер аллеясына да барған министр Түрік шейіттігін де зиярат етті.



Ұқсас жаңалықтар