Жаужүрек ақын - Мағжан

Түркістанның шейіт ақынын еш ұмытпаймыз.

938533
Жаужүрек ақын - Мағжан

Сталин қан құсқан жылдарда да өлеңдерінде ұлтын «Түрік»,  отанын «Түркістан» деп жазған, жаужүрек ақын Мағжан Жұмабайұлының қайтыс болғанына биыл – 125 жыл.

Түрік Азаттық соғысына қатыса алған жоқ,  бірақ қолынан келетін ең шебер іспен- өлеңімен осы құтты күреске «Алыстағы бауырыма» деп қолдау берді. Кеңес Одағы сотының адамдыққа жат үкімімен 1938 жылдың 19 наурыз күні атылған Түркістанның шейіт ақынын еш ұмытпаймыз.

1893 жылы дүниеге көзін алғаш ашқанда елі орыс басқыншылығы астында болған Мағжан балалық шағында Большевиктердің бірінші төңкерісін, жастығында да 1917 жылғы төңкерісті көрді.

Осыншама аласапыран кезде өсіп,  өзін жетілдірген,  бірнеше шет тілді еркін меңгерген ақын,  ойшыл, бәрінен маңыздысы түрік ұлтшылы – Мағжан Жұмабайұлы.

Ол түркітектес халықтардың қазақ,  қырғыз,  өзбек, түрікмен, татар деп емес,  бірлік ішінде ұлы Тұран идеясымен озатынын білді,  сезді.

Білім алған жылдары Қазанда түрік ұлтшылдарымен танысу мүмкіндігіне қауышқан Мағжан ақын Алаш қозғалысында орын алды. Түрікстан және Еділ-Орал зиялылары жазған көптеген газет-журналдарда қалам ойнатқан Мағжан 1925 жылға дейін Кеңес-орыс билігімен күресін жалғастырды.

Ол сонымен бірге алыстағы түрік бауырларының Азаттық соғысына да алаңдады.  Анадолы түріктерінің азаттық күресіне қатыса алған жоқ,  бірақ жалынды сөздерімен, бүкіл түркіге қуат берген өлеңімен қолдау көрсетті.

Түрікшілдігі,  түрік бірлігін аңсайтын жүрегі Кеңес Одағы басшыларына жақпады.  Талай зындардарға қамалып, айдауда болды.

Қыспаққа қарамастан Түркілік арманынан бас тартпады. 1938 жылы 45 жасар кезінде Сталиннің бұйрығымен атылған ақынды жас ұрпақ еш ұмытпақ емес.



Ұқсас жаңалықтар