Өзбекстан мен Тәжікстан виза жеңілдігі режимін іске қосты

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында қол қойылған екі жақты виза жеңілдігі келісімі іске қосылды.

934239
Өзбекстан мен Тәжікстан виза жеңілдігі режимін іске қосты

Өзбекстан ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда екі ел президенттері тарапынан 9 наурыз күні қол қойылған «Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарының екі жақты қарым-қатынастар мен сапарларын қамтыған үкімет аралық келісім» іске қосылды.

Келісім екі ел азаматтарының екі жақты 30 күндік бір-біріне визасыз қатынауын қамтиды.

Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары 17 жылдық үзілістің артынан қайтадан екі жақты визасыз қатынайтын болады.

Аталмыш келісім Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 9-10 наурыз күндерінде Тәжікстанға ұйымдастырған ресми сапары барысында бекітілген болатын.

Екі ел арасында су мен энергия резервтерінің қолдану және шекара бекеттері себепті пайда болған келіспеушіліктер 20 жылдан бері жалғасатын. Екі тарап 2001 жылы екі жақты виза режимін бастап, мың 300 шақырымдық ортақ шекара желісіндегі кейбір кеден қақпалары жабылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар