Халықаралық Түрік Академиясында Наурыз мерекесі

Түріктің көне мейрамы,  көктемнің хабаршысы Наурыз тойланды.

Халықаралық Түрік Академиясында Наурыз мерекесі
Халықаралық Түрік Академиясында Наурыз мерекесі
Халықаралық Түрік Академиясында Наурыз мерекесі

Халықаралық Түрік Академиясында Наурыз мерекесі атап өтілді. 

Түріктің көне мейрамы,  көктемнің хабаршысы Наурызды Халықаралық Түркі Академиясында (TWESCO) атап өтті.

Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік шараға Әзербайжан және Мажарстанның Астанадағы елшілері мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның жетекші қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Сыртқы істер министрлігі мен түркі халықтарының өкілдері қатысты.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі қатысушыларды мерекемен құттықтап, жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен мейірімділіктің рәмізіне айналған Наурыз мерекесінің күллі түркі әлемінің ұлттық мейрамы екенін атап көрсетті.

Академия ұйымдастырған Наурыз тойында алғаш рет Ергенеқоннан шығудың рәмізі - «темір ұру» рәсімі өтті. Академия басшысы мен елшілер балғамен темір ұрып, жаңа жыл мен жаңа бастауларды сүйіншіледі.



Ұқсас жаңалықтар