"Әзірбайжанға қауіп төнсе, жауабын береміз"

ТР премьер-министрі Бакуде Таулы Қарабах проблемасына байланысты мәлімдеме жасады.

930499
"Әзірбайжанға қауіп төнсе, жауабын береміз"

Премьер-министр Бинали Йылдырым Армениядан Әзірбайжанға бір қауіп бағытталса, бұған жауап беретіндерін айтты.

ТР премьер-министрі Бакуде Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах проблемасына байланысты мәлімдеме жасады.

Қырғынның адамдық қылмысы екенін атап көрсеткен Йылдырым:

«Әзірбайжанда (Таулы Қарабах -1992) бір қырғын,  этникалық тазалық жасалды.  Бұны жасаған Армения жазалануы керек.  Әзірбайжанның күресі ақыр аяғында нәтижесіне жетеді.  Көптеген халықаралық ұйым Әзірбайжанның жанында» деді.

«Таулы Қарабахқа террористтердің қоныстануы дос және бауырлас Әзірбайжанға немесе Түркияға қауіп төндіретін болса,  міндетті түрде жауабы беріледі» деді ол.

Премьер-министр Түркия мен Әзірбайжанның өңірдің қауіпсіздігін қамдау және терроризммен күрес тақырыбында бірге жұмыстанғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар