Түрік іскерлерінің Қазақстандағы инвестициялары 3,6 миллиард долларға жетті

Девелиоғлу: " Қазақстан - түрік іскерлер үшін тартымды ел" деді.

927637
Түрік іскерлерінің Қазақстандағы инвестициялары 3,6 миллиард долларға жетті

Түрік іскерлерінің Қазақстандағы инвестициялары 3,6 миллиард долларға жетті.

Осы тақырыпқа байланысты TRT тілшісіне мәлімдеме жасаған Түрік-Қазақ іскерлер одағы Атқару комитеті төрағасы Фырат Девелиоғлу Қазақстанның түрік іскерлер үшін тартымды ел екенін,  инвестиция үшін барлық жағдайдың жасалғанын айтты.

Қазақстанда жұмыс істейтін түрік кәсіпкерлерін бір шаңырақ астына жинаған жалғыз өкілетті орган болып саналатын Түрік-Қазақ іскерлер одағы TÜKİB 15 шілде Фетуллахшы террор ұйымы төңкеріс әрекетінен кейін құрылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 2017 жылдың 9 қыркүйек күнгі Астана сапары барысында жарияланған TÜKİB қысқа уақытта құрылымын аяқтап,  Қазақстанда жұмыс істейтін түрік іскерлерге өкілдік жасайтын жалғыз өкілетті  орган болды.

Одақтың Атқару комитеті төрағасы Девелиоғлу: «Екі ел арасындағы ынтымақтастық миссиясын лайықты түрде атқарып, жүзеге асыруға тырысудамыз. Өткен жылға дейін екі миллиард доллар болған сауда айналымы қазір 3,6 миллиард долларға көтердік» деді.

«Қазақстан – түрік іскерлер үшін шыныменен тартымды ел.  Түрік іскерлері Қазақстанға келсін.  Осында инвестиция үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан инвестиция салуға болатын ең жақсы елдердің бірі. Біз де қажетті көмекті береміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар