Назарбаев Мәскеуге аттанып кетті

Елбасы ТМД елдері мемлекет басшылары жиналысына қатысады.

876097
Назарбаев Мәскеуге аттанып кетті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары бейресми жиналысына қатысу мақсатымен Мәскеуге аттанып кетті.

Президенттік аппараттың баспасөз қызметі президент Назарбаевтың 26-27 желтоқсан күндерінде Мәскеуде өтетін ТМД мемлекет басшылары бейресми жиналысына қатысатынын хабарлады.

Назарбаевтың саммит барысында басқа елдердің басшыларымен екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар