Елбасы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Қазақстанның Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай елдің дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды.

869071
Елбасы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Қазақстанның Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай елдің дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды.

Ақордада болған марапат мерәсіміне қатысқан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің тәуелсіздік алғаннан бері маңызды жетістіктерге жеткенін айтып: «Мемлекетіміз егемендігіне қауышқаннан кейін мықты және дамыған Қазақстанды құрдық» деді.

«Баршаңызды егеменді еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Сіздер арқылы барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Бұл ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы болған қастерлі мейрам. Абыройы асқақ, беделі биік мерейлі мемлекетіміз өзінің екінші ширек ғасырлық белесіне қадам басты. Осы  жылдар ішінде біз аз уақытта сыннан сүрінбей өтіп, береке-бірліктің арқасында түрлі қиындықтарды еңсере білдік. Қазір Қазақстан төрткүл дүниеге толық танылған, халықаралық қоғамдастықтың белді мүшесі болып танылды» деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев ерен еңбегімен ерекшеленген қоғамдық қайраткер,  ғалым,  әскер,  өнер қайраткері және спортшыларды құттықтап,  марапаттады.



Ұқсас жаңалықтар