Стамбулда Айтматов мүсіні тұрғызылды

Әзірбайжандық мүсінші Сенан Ейнуллаев тұрғызған мүсін үш айда аяқталды.

866915
Стамбулда Айтматов мүсіні тұрғызылды

Қырғыз халқының атақты жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туылғанына 89 жыл толуына орай Стамбулда Малтепе ауданында мүсіні ашылды.

Орхангази саябағындағы мүсіннің ашылу салтанатына атақты жазушының баласы Асқар Айтматов, Әзірбайжанның Стамбулдағы бас консулы Месим Хаджиев, Қырғызстанның Стамбулдағы бас консулы Мирлан Арстанбаев қатысты.

Асқар Айтматов: «Әкемді ұмытпай, еске алып жатқандарыңызға рахмет» деді.

Малтепе аудандық муниципалитетінің басшысы Али Кылыч мүсіннің тұрғызылуына еңбегі сіңген баршаға алғыс білдірді.

Стамбул қалалық муниципалитетінің бұрынғы басшысы Бедреттин Далан да «Ол – туындыларымен әлем құндылығына айналған тұлға. Мен оның барлық шығармаларын оқыдым.  Ол тек Қырғызстанды баяндап қана қоймайды.  Анадолы даласын да суреттейді. Ең маңыздысы адамды суреттейді» деді.

Әзірбайжандық мүсінші Сенан Ейнуллаев тұрғызған мүсін үш айда аяқталды.  Мүсіннің төңірегінде жазушының туындыларының есімдері жазылған.



Ұқсас жаңалықтар