Түркияда "Ел боламыз десек" атты кітаптың тұсаукесері болып өтті

Қазақстанның Анкарадағы Өкілетті елшілігінде қазақ фольклорының көрнекті ғалымы Рахманқұл Бердібайдың түрік тіліндегі кітабы танытылды.

851506
Түркияда "Ел боламыз десек" атты кітаптың тұсаукесері болып өтті
23593462_295878880925984_3843944833437501330_o.jpg
20171117_155001.jpg
20171117_155831.jpg
20171117_154006.jpg
23593374_295878424259363_7342684658980759259_o.jpg

Қазақстан Республикасының Анкарадағы Өкілетті елшілігі ғимаратында қазақ фольклорының көрнекті ғалымы, сыншылы Рахманқұл Бердібайдың түрік тілінде жарық көрген “Ulus Olmak İstersek” (Ел боламыз десек) атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Келелі жиынға Қазақстанның өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасының бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек, Еуразия Жазушылар Одағы төрағасы доцент Якуб Өмероғлу, Қазақстанның белгілі ғалымы профессор Шакир Ибраев және Рахманқұл Бердібайдың жанұясының атынан Бектас Шірікбаев қатысты.

Ашылу баяндамасын жасаған Қазақстанның өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік мәдениетіндегі әдебиет байлығының басқа мәдениеттерде кездеспейтінін атап, Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Ясауи, Юнус Эмре және Абай іспеттес ұлы тұлғалардың арқасында ұлттық болмысымыздың қалыптасқанын және бауырластық қарым-қатынастардың күн өткен сайын жетілгенін атап көрсетті. Өкілетті елші «Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан бұл іс-шара тек қана Қазақстан үшін емес, Түркі әлемі үшін де аса маңызды болып табылады. Үлкен ғалым Рахманқұл Бердібайға түрік тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі үшін кезінде Түркия Республикасы Түркі әлеміне қызмет сыйлығы да берген болатын. Өзі екі ел арасында бауырластықты нығайтатын еңбектер ортаға қойып, бауырлас халықтар арасында алтын көпір болған.  Қазақстанда ‘Ел боламыз десек’ деген атпен жарияланған кітаптың түрік тілінде жарық көруі үлкен жетістік. Осы кітапты аударып, басып шығарған Еуразия жазушылары одағына алғысымды білдіремін» деді.

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің құрушы Өкілетті Кеңес төрағасы және бұрынғы Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек болса Түркістан қаласында университеттің іргетасын қалаған кезде Рахманқұл Бердібайдың Алматыдағы жұмысын тастап, өз еркімен университетке келгенін және әсіресе университетте шетелдік студенттерге түркітілдес халықтардың бауырластық сезімін насихаттағанын атап айтты.

Кеңес үкіметі кезінде әрі өз дәуірінің, әрі қазіргі таңдағы мәселелердің басында келетін қазақ тілінде сөйлеу және жазу тақырыбында ғалым Рахманқұл Бердібайдың еңбектері мен күресін түсіндірген профессор Шакир Ибраев «Ел боламыз десек» атты еңбегінің түрік тілінде шығуының екі ел азаматтары үшін үлкен жетістік екенін тілге тиек етті. Ғалым түрік тілінде жарық көрген «Ел боламыз десек» атты кітаптың тараулары мен мазмұны жайлы баяндап, Бердібаевтың қазақ тілі мен әдебиетіне сіңірген еңбектерінің теңдесі жоқ екенін атап айтты.

Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлу болса қазақ әдебиетінде жыр дастандарды Кеңес дәуірінен бастап жинап, оларды жарыққа шығарған үлкен ғалым Рахманқұл Бердібайдың Кеңес үкіметі кезінде жазған маңызды мақалаларының жиынтығы ретінде «Ел боламыз десек» атты еңбегін түрік тілінде шығарғандарына қуанышты екендерін атап көрсетті.

Жиналыстың артынан ғалымның түрік тіліндегі кітабы тұсаукесерге келген қонақтарға таратылды.

 
 


Ұқсас жаңалықтар