Өзбекстанның тұрғын саны 32 миллион 512 мыңға жетті

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында ел халқы 1,2 пайыз артты.

842524
Өзбекстанның тұрғын саны 32 миллион 512 мыңға жетті

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарламасында 2017 жылдың 1 қаңтарында 32 миллион 121 мың болған халық саны 1 қазан күні 32 миллион 512 мыңға жеткені айтылды.

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында ел халқы 1,2 пайыз артты. Осы кезеңде 523 мың сәби дүниеге келіп,  шамамен 116 мың адам қайтыс болды.

Жылдың тоғыз айында Өзбекстанға 120 мыңнан астам адам көшіп келді. 136 мың адам көшіп кетті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында ең жас және жылдам артатын халыққа ие Өзбекстанның шамамен 45 пайызын 18 жастан төмен азаматтар құрайды.  Ел халқының 60 пайызын жұмыс істей алатын азаматтар қалыптастырады.



Ұқсас жаңалықтар