Түрік фильмдері апталығы аяқталды

Апталықтың соңғы күні «Сомунджу Баба: Махаббаттың құпиясы» атты фильм көрсетілді.

841378
Түрік фильмдері апталығы аяқталды

Қазақстанның Шымкент қаласында өткен «Түрік фильмдері апталығы» аяқталды.

Еуразия азаматтық қоғамы, ТР Мәдениет және туризм министрлігі және Оңтүстік Қазақстан акиматының қолдауымен өткен апталықтың соңғы күні «Сомунджу Баба: Махаббаттың құпиясы» атты фильм көрсетілді.

Қойылымнан кейін аталмыш фильмнің актері Фуркан Палалы мен режиссер Күршат Қызбазға сыйлық берілді.

Апталықтың координаторы Жахит Йылдыз «Шымкенттегі апталыққа кино сүйер қауымның осыншама қызығушылық танытуын күтпеп едім. Фильмдер көрсетілген залдар лық толды.» деді.

Түрік фильмдері апталығы бойы «Сомунджу Баба: Махабаттың құпиясы», «Ұзын хикая», «12», «Жан», «Көзімнің нұры» және «Соңғы хат» фильмдері көрсетілді.

 


Ұқсас жаңалықтар