Қарабахтың жаттықтырушысы ұлттық құрамаға тағайындалды

Құрбан Құрбанов ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып тағайындалды.

840367
Қарабахтың жаттықтырушысы ұлттық құрамаға тағайындалды

Әзірбайжанның Қарабах командасының жаттықтырушысы Құрбан Құрбанов ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Әзірбайжан Футбол федерациясының хабарламасына қарағанда,  атқару комитеті жиналысында хорватиялық жаттықтырушы Роберт Просиечкидің орнына Құрбановтың тағайындалуына шешім берілді.

45 жасар Құрбановтың осы міндетті бастайтыны білдірілді.

Қарабах футбол командасы да Құрбановтың әрі Қарабах командасын,  әрі ұлттық құраманы жаттықтыратынын хабарлады.

Құрбановтың басшылығында соңғы 4 жылда лиганы чемпион ретінде аяқтаған Қарабах командасы UEFA Чемпиондар лигасында топқа іліккен Әзірбайжанның алғашқы командасы атанған болатын.



Ұқсас жаңалықтар