Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісі бүгін ашылады

Түркия, Әзірбайжан және Грузияның ортақ салып жатқаны Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісі ашылады.

836618
Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісі бүгін ашылады

Түркия, Әзірбайжан және Грузияның ортақ салып жатқаны Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісі бүгін ашылады.

Желі Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде Алат портында ұйымдастырылған Ашылу рәсімімен ашылады.

Ашылу рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан президенті Илхам Алиев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Грузия премьер-министрі Гиорги Квирикашвили қатысады.

Әзірбайжан мемлекеттік темір жолы мағлұматтарына қарағанда жалпы ұзындығы 838 шақырым болған темір жолының 76 шақырымы Түркиядан, 259 шақырымы Грузиядан және 503 шақырымы болса Әзірбайжаннан өтеді. Жобаның Түркия тарапында 4 станция, 3 көпір және 76 шақырымдық темір жолы салынды. Түркия мен Грузия шекарасы өткелі туннель арқылы қамтамасыз етілді.

Желінің іске қосылуымен Ұлыбританияның бас қаласы Лондоннан Қытайдың астанасы Пекинге үздіксіз теміржолымен баруға мүмкіндік болады. Қытайдан шыққан жүктердің Қазақстан мен Түрікменстан арқылы Каспий теңізімен Баку Алат портына, сол жерден де Грузия мен Түркия арқылы Еуропаға жеткізілуі болжалады.



Ұқсас жаңалықтар