Қырғызстан премьер-министрі Жээнбеков Қазақстанда

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз әріптесі Сооронбай Жээнбековпен Астанада бас қосты.

789263
Қырғызстан премьер-министрі Жээнбеков Қазақстанда

Қырғызстан премьер-министрі Жээнбеков Қазақстанда.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз әріптесі Сооронбай Жээнбековпен Астанада бас қосты.

ҚР премьер-министрлік хабарламасына қарағанда,  Еуразия экономикалық одағы премьер-министрлері жиналысына қатысу мақсатымен Астанаға барған Қырғызстан премьер-министрі Сағынтаевпен кездесті.

Хабарламада кездесуде екі жақты қатынастарды дамыту тақырыптарымен қоса техникалық қолдау,  теміржолы тарифтерінің бірлестірілуі және азаматтардың жұмыс істеу лицензиядарын жеңілдеті мәселелері қолға алынғаны айтылды.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2017-2020 жылдар арасы ынтымақтастық бағдарламасының қалыптастырылуының алға жылжығаны айтылды.  Бағдарлама екі жақты қатынастардың және стратегиялық серіктестіктің дамытылуында жол картасы міндетін атқармақ.

Сонымен бірге екі премьер-министр мемлекеттік шекаралардың анықталуы келісіміне қол қоюға дайын екендерін білдірді.

Хабарламада айырықша екі ел арасындағы сауда көлемінің 2017 жылдың алғашқы бес айында 272,3 миллион долларға жеткені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар