Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Әзірбайжанға барады

Сапар барысында маңызды келісімдерге қол қойылады.

785670
Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Әзірбайжанға барады

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Әзірбайжанға барады.

8-9 тамыз күндері арасындағы ресми сапар аясында Әзірбайжан мен Түрікменстан арасындағы жақсы қатынастардың жетілдірілуі және ықпалды ынтымақтастыққа бағытталған көптеген келісімге қол қойылатыны білдірілді.

Соңғы Министрлер кабинеті жиналысы жөнінде мәлімет берген Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі ел арасында дипломатиялық қатынастар басталған 1992 жылдан бері саяси, экономикалық,  мәдени және әлеуметтік салаларда көркейтуші ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 52 құжатқа қол қойылғанын айтты.

Түрікмен басшы Бердімұхаммедов президент міндетіне келген 2007 жылдан бері өзара жоғары деңгейде 4 сапар ұйымдастырылды.

Түрікмен басшының сапары екі ел қатынастарының тамырлы достық және жақсы көршілік іргетасына сүйенеді.



Ұқсас жаңалықтар