Әзірбайжан мен Латвия хаттамаға қол қойды

Ресми байланыстармен Латвияға барған Алиев Латвия президенті Раймондс Вейониспен бас қосты.

772283
Әзірбайжан мен Латвия хаттамаға қол қойды

Әзірбайжан президенті Илхам Алиевтің Латвияға ресми сапары барысында екі ел арасында стратегиялық ортақтықтың қалыптастырылуы жөнінде хаттамаға қол қойылды.

Президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда, ресми байланыстармен Латвияға барған Алиев Латвия президенті Раймондс Вейониспен бас қосты.

Алиев екі ел арасында түрлі саладағы ынтымақтастықтың жетілдірілуі үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін айтып, Әзірбайжанның Азия мен Еуропа арасындағы транспорт тасымалында маңызды рол ойнағанын білдірді.

Латвия президенті Вейонис те Әзірбайжанның территория тұтастығын әрқашан қолдап келгендерін,  бұдан былай да қолдайтындарын айтты.

Делегация арасындағы кездесуде үкіметтер арасы аралас комиссиялардың істері,  сауда көлемінің арттырылуы,  экспорт-импорт әлеуетінің анықталуы тақырыптары қолға алынды.

Сонымен қатар екі басшы Әзірбайжан мен Латвия арасында стратегиялық ортақтық қалыптастырылуы жөнінде хаттамаға қол қойды.  Сапар барысында қатынас,  төтенше жағдай және білім беру саласында келісімдерге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар