«Сүйінбай сазы» ансамблі Анкарада концерт қойды

«Сүйінбай сазы» фольклорлық этнографиялық тобының әртістері Анкарада өнер көрсетті.

771687
«Сүйінбай сазы» ансамблі Анкарада концерт қойды
süyünbay_sazı02.jpg
süyünbay_sazı00.jpg

Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Алматы облысы Жамбыл аудандық мәдениет үйі жанындағы  «Сүйінбай сазы» фольклорлық этнографиялық тобының әртістері Анкарада өнер көрсетті.

Кечиөрен муниципалитетінің қонақжайлығымен Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшілігі және Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы «Түріксой» ортақ ұйымдастырған концерттік бағдарламада қазақтың ұлттық саз аспаптарының сүйемелдеуімен отандық және түріктің көпке танымал шығармалары орындалды.

Концертке Қазақстанның Анкарадағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Кечиөрен муниципалитет басшысы Мұстафа Ак, Түріксой бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ,зиялы қауым, қазақ диаспорасының өкілдері мен көптеген адам қатысты.

Концерттік бағдарламаның аяғында Қазақстанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы бауырлас екі елді бір-бірімен жақындастыратын мұндай мәдени іс-шаралардың Кечиөрен муниципалитетімен биыл үшінші рет өткізіліп отырғанын атап, муниципалитет басшысына алғысын білдірді.

Қазақ мәдениетінің Кечиөрен муниципалитеті үшін арнайы орны бар екенін атап көрсеткен Мұстафа Ак, екі ел достығының мәңгі болуын тіледі.

Концерттің соңында «Сүйінбай сазы» фольклорлық этнографиялық тобының әртістері президент Режеп Тайып Ердоған мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап жазылған әндерді орындады.



Ұқсас жаңалықтар