Алиев 15 шілде оқиғаларының жылдығына орай жеделхат жолдады

Әзірбайжан президенті 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінің жылдығына орай президент Ердоғанға жеделхат жолдады.

770914
Алиев 15 шілде оқиғаларының жылдығына орай жеделхат жолдады

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінің жылдығына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдады.

Хатын «Қадірлі бауырым» деп бастаған Илхам Алиев 15 шілде күнгі қанды оқиғалардың елдің атазаң тәртібін сақтап қалған түрік халқының пидақорлық пен батылдығының арқасында Әзірбайжанда нағыз бір батырлық мысалы ретінде еске түскенін білдірді.

Демократияны қорғайтын миллиондаған адамның, түрік халқының күшін ешкімнің жоя алмайтынын және мемлекетке қарсы бағытталған әртүрлі әрекеттің табыссыз аяқталатынын дәлелдегеніне назар аударған Алиев «Оқиғаны есте салып, Түркияның атазаң тәртібіне қолдауымды жарияладым және елдің атазаң тәртібін бұзғысы келгендерді қатаң түрде айыптадым. Сондай-ақ бұл тақырыпқа қатысты Әзірбайжан үкіметіне тиісті тапсырмаларды бердім» деді.

Демократиялық құндылықтар мен қоғамдық тіршіліктің барлық салаларында қол жеткізілген табыстардан айырылмау үшін ұстанымын ортаға қойған шәйіттердің ешқашан жүректен өшпейтінін атап көрсеткен Алиев хатының жалғасында «Сіздің басшылығыңыз, түрік халқының ынтымақтастық пен тұрақтылығының арқасында опасыз ниеттердің алдына мықты қалқандар соғылды. Түркия үлкен қауіптерден құтылды. Сіз халықты шеруге шақырып, елдің өркендеуі және әлем мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюі үшін үлкен істерге қол таңба қалдырдыңыз. Жеке мүдделерін халықтың күшінен жоғары ұстаушы күштерді жеңдіңіз. Барлық осылар бауырлас Түркия азаматтары сияқты бізді де шын жүректен қуантады

Құрметті бауырым! 15 шілде шәйіттері үшін қайтадан Алланың рақымшылығын, туысқандары мен түрік халқына сабыр тілеймін. Маңызды барлық тақырыптарда сізбен ынтымақтастықта екенімізді айтқым келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар