Анкарада Қазақстан самалы есті

Қазақстан өнерпаздары Анкарада 8-ші Халықаралық Рамазан фестиваліне қатысты.

750858
Анкарада Қазақстан самалы есті
Kazak Kültür Evi açılışı05.jpg
Kazak Kültür Evi açılışı11.jpg
Kazak Kültür Evi açılışı25.jpg
Kazak Kültür Evi açılışı03.jpg

Қазақстан өнерпаздары Анкараның Кечиөрен муниципалитеті тарапынан биыл 8-ші рет ұйымдастырылып жатқан Халықаралық Рамазан фестиваліне қолтаңба қалдырды.

Қазақстандық өнерпаздардың Кечиөрен муниципалитетіне қарасты Калаба қала орталығындағы концерті Анкара тұрғындарын тәнті етті.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында өткізілетін бір қатар іс-шараға қатысу үшін Түркияға келген Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясы салтанатты кешке қатысты.

 

Анкарада Қазақстан мәдениет үйі ашылды

Алдымен фестиваль алаңында Қазақстан мәдениет үйінің ашылу салтанаты болып өтті. Қазақстан мәдениет үйінің ашылу рәсіміне Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак, ҚР-ның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев, Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, Түркі Әлемі Муниципалитеттер Одағының Бас хатшысы Фахри Солак, М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының директоры Уалихан Қалижан, Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Қожа Ахмет Ясауи ат. Университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Муса Йылдыз және азаматтар қатысты.

 

Қазақстаннан келген Тұмар музыкалдық фольклорлық ансамблі мен Қазына би ансамблі келушілерді тәнті етті.

Қазақстан Мәдениет күнін таныстыру кеші аясында концерт алаңына жиналған жүздеген адам қазақтың ұлттық әндері, билері мен көрнекті композиторлардың шығармаларымен танысты.

Концерттік бағдарлама алдында қонақтарға үн қатқан Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак өтіп жатқан Халықаралық Рамазан фестиваліне жыл сайын Қазақстанның арнайы қонақ ретінде шақырылғанын және екі ел достығының жетілгенін атап көрсетті. Ак Түркі әлемінің Мәдениет астанасы Түркістан мен Алматы облысы Жамбыл ауданынан келген делегацияға концерттік бағдармалары арқылы қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Күн бойы жалғасқан іс-шараларда Кечиөрендегі бір көшеге қазақтың ақыны Жамбыл Жабаев атының берілгенін атап айтқан Ак Қазақстан Республикасы президенті Нұрсүлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының да таныстырылғанын мәлімдеді.

Қазақстан өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы болса Кечиөрен муниципалитетінің Қазақстан және Түркі әлеміне ең көп көңіл бөлген жергілікті әкімшіліктердің басында келгенін атап, Қазақстан елшілігі ретінде Анкарадағы бір көшеге қазақтың жыр атасы Жамбылдың атының берілгеніне ризашылығын білдірді.

Алматы Облысы Жамбыл ауданы әкімі Жандарбек Далабаев Жамбыл есімінің Кечиөрен муниципалитеті тарапынан көшеге берілгеніне қуанғандарын және Жамбыл аудандық әкімшілігі ретінде Кечиөрен есімін Жамбыл ауданындағы бір көшеге беруге шешім қабылдағандарын сүйіншіледі.

Түркістан қаласы әкімі Әліпбек Өсербаев болса Кечиөрен мен Түркістан қалаларының бауырлас қала ретінде жарияланғанын және екі әкімшіліктің тығыз байланыста екенін атап айтты. Өсербаев жыл сайын болғандай Рамазанның қасиетті Қадір түнінің әрі Түркі әлемінің мәдениет астанасы, әрі рухани орталығы Түркістанда Кечиөрен муниципалитетімен бірге атап өтілетінін білдірді.

Ашылу сөздерінің артынан Алматы делегациясы Мұстафа Акқа Жамбылдың шапанын кигізсе, Түркістан әкімшілігі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің картинасын сыйға тартты.

Қазақстаннан келген «Тұмар музыкалдық фольклорлық ансамблі» мен «Қазына би ансамблі» қазақтың дәстүрлі музыкалық шығармаларын орындады.



Ұқсас жаңалықтар