Әзірбайжан және қазақ іскерлері кездесті

Астанада Әзірбайжан және қазақ іскерлерінің кездесуі болып өтті.

720220
Әзірбайжан және қазақ іскерлері кездесті

Әзірбайжан Инвестиция және экспортты ынталандыру фонды (AzPromo)  тарапынан Астанада Әзірбайжан және қазақ іскерлерінің кездесуі болып өтті.

Іскерлер кездесуіне Әзірбайжанның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Рашад Маммадов, AzPromo төрағасы Руфат Маммадов, көптеген іскер қатысты.

Кездесулерде Әзірбайжанда өндірілген косметика, сусын, жиһаз, құрылыс материалдары таныстырылды.

Өкілетті елші Маммадов мақсаттарының бауырлас екі ел арасындағы сауда байланыстарын арттыру екенін айтып, «Бірнеше күн бұрын құрылыс фирмалары Атыраудағы инвестиция форумына қатысты.  Айырықша бір делегация Қызылорда қаласында жоспарланған қала құрылысымен танысты. Қазақстандағы құрылыс секторы назарымызды аударып отыр» деді.

«Елдеріміз арасындағы сауда айналымы өткен жылы 130 миллион доллар болды.  Алдымыздағы үш жыл ішінде келісімдер арқылы жарты миллиард долларға жетеді» деді ол.

Өкілетті елші Қазақстаннан локомотив алу үшін 500 миллион долларлық келісімге қол қойғандарын,  Әзірбайжаннан өнеркәсіп өнімдерін әкелу үшін келіссөз жүргізіп жатқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар