Түрік Сыртқы істер министрі Өзбекстанда

Чавушоғлу Өзбекстан Сыртқы істер министрімен кездесті.

Түрік Сыртқы істер министрі Өзбекстанда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Катардағы кездесулерінен кейін Өзбекстанға барды.

Сыртқы істер министрі Ташкент сапары аясында алдымен түрік және өзбек іскерлермен бас қосты.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда айналымын арттыру үшін іскерлердің көзқарастарын тыңдады.

Түрік министр сапарының екінші күнінде болса өзбек әріптесі Абдулазиз Камиловпен оңаша кездесті.  Артынан ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Чавушоғлу осында саяси, экономикалық және туризм сынды салаларда ынтымақтастықтарды қолға алғандарын білдірді.

Екі жақты сапарлардың жалғасатынын айтқан министр: «Биыл болатын президенттер саммитінде де қарым-қатынастарымыз шыңына жететін болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар