Мұсылман есімдеріне тыйым салды

Ер адамдардың сақал өсіруіне де тыйым салынды.

720862
Мұсылман есімдеріне тыйым салды

Шыңжаң Ұйғыр Автономдық аймағында мұсылман есімдеріне тыйым салынды.

Қытайда «Мұхаммед» есімінің де қолданылуына тыйым салынуда. «Радикализмнің алдын алу» мақсатты қабылданғаны алға тартылған шешімге қарағанда отбасылары есімдерін өзгертпеген мұсылман оқушылар мектепке қабылданбайды.

Шыңжаң Ұйғыр Автономдық аймағында есімдермен бірге ер адамдарда ұзын сақалға да тыйым салынғаны хабарланды.

Соңғы шешімге орай Мұхаммед, Айша, Фатима, Хатидже, Моджахид, Джихад, Талиб, Имам,  Мүслима, Сүмеййе, Насруллах, Түркназ, Түркзат, Қажы, Арафат, Мәдина, Шемседдин, Сейфуллах, Абдулазиз, Саддам,  Бен Ладен, Еседуллах, Мухлисе сынды есімдер қоюға тыйым салынды.

Орталығы Америка Құрама Штаттарында болып табылатын Ұйғыр Америка қоғамының төрағасының орынбасары Илсат Хесен шешімнің ақымақтық екенін айтып, мұның ұйғыр мұсылмандарына бағытталған ассимиляция саясатының бір мысалы екенін атап көрсетті.

«Балаларға діни және этникалық есім беру – адам құқығы. Қытай атазаңында да бұл тыйымға орын жоқ» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар