Халықаралық Түркі академиясы көптомдық еңбектің тұсауын кесті

Көптомдық «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» деп аталады.

668995
Халықаралық Түркі академиясы   көптомдық еңбектің тұсауын кесті
Türk akademisi kitap Kazakistan
Türk akademisi kitap Kazakistan
Türk akademisi kitap Kazakistan

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты көптомдық еңбектің таныстырылымын өткізіп, қалың оқырманға ұсынды.

Салтанатты шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары, Қазақстандағы дипломатиялық корпус жетекшілері, дипломаттар, Қазақстан мен шет елдерден келген белгілі түркітанушы, әдебиетші ғалымдар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық ана тілі күні» деп жарияланған 12-ші ақпан қарсаңында басылып шыққан бұл сүбелі еңбек Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Түркиялық профессор Суер Екердің ғылыми жетекшілігімен іске асқан жобаға әлемнің 26 елінен 130 ғалымның, барлығы 132 зерттеуі топтастырылған. Кітапқа енген мақалалар ағылшын, түрік, орыс, қазақ, өзбек және т.б түркі тілдерінде жазылған.

Салтанатты жиынға қатысқан Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз бен жоба жетекшісі Суер Екер кітаптың жазылу тарихын әңгімелеп, тағдырлы тілдерді зерттеу және қорғау жайлы пайымды пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз TWESCO басшысы Дархан Қыдырәліге Қ.А.Яссауи жылына орай арнайы шығарылған күміс тиынды тарту етті.

Келелі жиын барысында Академия басшысы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Мұсы Йылдыз бен Башкент университетінің профессоры Суер Екерді «Түркі дүниесінің ықпалдастығы мен дамуына және түркітанулық зерттеулерге қолдау көрсеткені үшін» Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Мәлімет Академияның баспасөз қызметінен алынды. 



Ұқсас жаңалықтар