Румынияда татар текті вице-премьер

Татар текті Севил Шайдех вице-премьер болды.

Румынияда татар текті вице-премьер

Румынияда премьер-министрлікке кандидатурасы қабылданбаған татар текті Севил Шайдех вице-премьер болды.

Президент Клаус Йоханнис 11 желтоқсан күні болған сайлаудың жеңімпазы Социал Демократ партияның кандидаты Сорин Гриндеануды премьер-министр ретінде тағайындағаннан кейін кабинет мүшелерін жариялады.

Партияның бірінші кандидаты мұсылман татар текті Севил Шайдех жаңа кабинетте вице-премьер және Өңірлік даму министрі ретінде қызмет атқаратын болады.

Кабинетте барлығы 26 министр міндет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар