Қазақстан өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі алғашқы отырысына қатысты

СІМ Қазақстан Республикасының басымдықтары жөнінде мәлімет берді.

644211
Қазақстан өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі алғашқы отырысына қатысты

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігі барысында қауіпсіздік шараларының арттырылуы,  қақтығыстардың алдын алу және шешу, халықаралық терроризммен күрес тақырыптарына басымдылық береді.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.  Министрліктің хабарламасына қарағанда 1 қаңтар күнінен бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі міндетін бастаған Қазақстан делегациясы жаңа кезеңдегі алғашқы отырысқа қатысты.

Делегацияның жетекшісі Барлыбай Садықов отырыстағы сөзінде Қазақстанның тұрақты емес мүшелігі міндеті барысында алдымен превентивті дипломатия,  қауіпсіздік шараларының арттырылуы,  қақтығыстарды шешу және халықаралық терроризммен күрес тақырыптарына басымдық беретінін білдірді.  Садықов айырықша БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойы атап өтілетін 2045 жылға дейін ядролық қарусыз,  соғыссыз және қақтығыссыз әлем үшін бірігіп жұмыстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сонымен бірге ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов келесі апта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі «Қақтығыстардың алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыпты отырысқа қатысады.

Қазақстан Республикасы өткен жылы маусым айында 138 дауыспен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 кезеңі тұрақты емес мүшелігіне сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар