Қазақ шығармалары түрік тілінде

Кітапта қазақ жазушыларының тәуелсіздік жылдары жазған шығармалары топтасқан.

636688
Қазақ шығармалары түрік тілінде

Қазақстанның Алматы қаласында «Ата жұрттан әңгімелер - Қазақстан. Мұңдас буын» атты түрік тіліндегі кітаптың таныстырылымы өтті.

Кітапта қазақ жазушыларының тәуелсіздік жылдары жазған шығармалары топтасқан.

 ҚР Ұлттық кітапханасында өткен тұсаукесер рәсімге Алматыдағы Түркия Республикасы Бас консулдығы өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылармен бірге Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) атынан Ақеділ Тойшанұлы қатысты.

Аталған шараға Түркиядан арнайы келген Еуразия кітапханашылар қауымдастығының төрағасы Мұстафа Чалышкан: «Бұл кітап биыл Түркияда жарық көріп, Анкара қаласында тұсауы кесілді. Кітаптағы әңгімелер арқылы түрік оқырмандары бауырлас елдің өмірін танығандай болдық. Еуразия кітапханашылар қауымдастығы ретінде бұл кітапты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту етіп отырмыз», - деді. 

Айта кету керек, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, «Түрксой» ұйымы және Еуразия кітапханашылар қауымдастығының қолдауымен жарық көрген жинаққа 25 қазақ қаламгерінің шығармалары енген. Оларды түрік тіліне аударған жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев.

Хабар Түрік Академиясының парақшасынан алынды.



Ұқсас жаңалықтар