Өзбекстанда 4 желтоқсан күні президенттік сайлау өтеді

4 желтоқсан күні өтетін президенттік сайлауды шамамен 50 елден 600-ден астам бақылаушы қадағалайды.

619746
Өзбекстанда 4 желтоқсан күні президенттік сайлау өтеді

Өзбекстанда 4 желтоқсан күні өтетін президенттік сайлауға шамамен 50 елден 600-ден астам бақылаушы қадағалайды.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Мирзо-Ұлықбек Абдусаломов президенттік сайлауға халықаралық қоғамның үлкен қызығушылық танытқанын атап, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) елдегі сайлауды тұңғыш рет ел көлемінде делегациямен толық қадағалайтынын атап көрсетті.

Президенттік сайлау жергілікті және шетелдік шамамен мың 300 журналист тарапынан қадағаланады. Абдусаломов қазірге дейін 60-тан астам шетелдік журналисттің сайлауды қадағалау үшін аккредитация жасағанын білдірді.

Шамамен 32 миллион тұрғыны бар Өзбекстанда тіркеулі 21,5 миллионға жуық сайлаушы бар. Президенттік сайлау үшін ел көлемінде 9 мың 378 сандық құрылды.



Ұқсас жаңалықтар