Ашғабатта Каспий жиыны өтеді

Бұл туралы Түрікменстан үкіметі мәлім етті.

617811
Ашғабатта Каспий жиыны өтеді

Ашғабатта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне байланысты уақытша жұмыс тобының жиыны өтеді.

Бұл туралы Түрікменстан үкіметі мәлім етті.

Желтоқсан айырының екінші жартысында өтетін жиынға Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның сыртқы істер министрліктерінің делегациялары қатысады.

Каспий теңізі сыртқы істер министрліктері делегацияларының бұдан бұрынғы жиыны қазан айында Тегеранда өткен болатын.  Тегерандағы жиында Каспий аймағында суды басқару,  навигация және энергия ресурстарының транзиттік мәселелері тақырыптары қолға алынған еді.



Ұқсас жаңалықтар